Мектеп • 09 Қаңтар, 2024

Алтынсарин ашқан мектеп

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ұлы ағартушы ашқан Торғайдағы тұңғыш мектептің 160 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараға ағартушы негізін қалаған мектептен білім алған түлектер, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Алтынсарин ашқан мектеп

Тағылымы мол кешке Ыбырай ашқан Торғай мек­тебінің түлегі, белгілі ғалым, Жаһандық су әріптестігінің Қазақстандағы төрағасы На­риман Қыпшақбайұлы да арнайы келіп, тұңғыш мектептің тарихы жайында қызықты естеліктер айтты. Ғалым Ыбы­рай Алтынсарин музейіне жеке заттары мен зерттеу еңбектерін табыс етті.

Іс-шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы ма­ман­дандырылған мектеп-гим­назия интернаты оқушыла­ры­нан құралған хор «Ыбырай шәкірттерінің маршы» әнін орындады. Мектеп тарихы жа­йында деректі фильмдерден үзінді көрсетіліп, Ыбырай мек­тебінен түлеп ұшқан белгілі қай­раткер тұлғалар туралы айтылды.

Аталған кеште Торғайда ашылған тұңғыш мектептен түлеп ұшқан әр саланың май­талман мамандары, өңір­ге белгілі ғалымдар мен ұс­таздар да сөз алды. Көп жыл бойы Торғай мектебінде бас­­шылық қызмет атқарған ардагер ұстаз, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Сұлтанғали Әлмағамбетұлы музей ұжы­мына Ыбырай мектебі туралы естелік кітабы мен тұңғыш бі­лім ордасының тарихына қа­тысты құнды құжаттарды тарту етті.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30