Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024

Алматылық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөз

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.

Күдікті соттың санкциясы аясында қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.