Қоғам • 03 Қаңтар, 2024

Ертегілеріміз серб тілінде

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Сербиядағы елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды.

Ертегілеріміз серб тілінде

Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер мен Алдар көсенің қулықтары, сондай-ақ, қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкерлерінің басқа да шытырман оқиғаларын енді кішкентай серб оқырмандары оқи алады.

Жаңа кітаптың тұ­сау­ке­сері Жаңа жыл қар­са­ңын­да Бел­град қаласының балалар кітап­ханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атам­құлов балаларды кітаппен таныс­тыра отырып, елімізге қатысты қы­зықты фактілер туралы айтып, кішкентай оқырмандарға сый­лықтар табыс етті.

Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізіп, сондай-ақ кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілері оқылды. Алдағы уақытта қа­зақ ертегілері жинағының жүз­деген данасы Сербияның кітап­ханалары мен мектептеріне та­ратылмақ.