Елорда • 12 Желтоқсан, 2023

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

«2023 жылғы 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп жазылған хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта 25 - 38 аяз, солтүстікте 30 - 38 аяз, елдің қиыр солтүстігі мен солтүстік-батысында 40 - 44 аяз, республиканың шығысында 20 - 38 аяз, 14 желтоқсанда 32-38, жекелеген аудандарда 40-42 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-30 аязға дейін, таулы аудандарда 33-38-ге дейін аяз болады.