Университет • 10 Желтоқсан, 2023

Гонконг университетінің филиалы ашылады

59 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қ.Сәтбаев университетінің жанынан Гонконг CityU қалалық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Гонконг университетінің филиалы ашылады

«Отандық ғылым мен жоғары білім беру саласында тағы да жағымды жаңалық орын алды. Нақты айтсам, Алматыда елі­міз­дің Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Сәтбаев университеті жанынан Гонконг CityU қалалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойдық. Бұл QS рейтингі бойынша 70-орында тұрған әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде еліміздің зейінді жастарының білім алуына зор мүмкіндік болмақ», деп жазды министр.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, CityU универ­си­тетінің бірегей тәжірибесі мен тарихы қазіргі жаһандық ең­бек нарығының талаптарына сай бейімделген жоғары білім­ді қысқа мерзім ішінде дамы­ту­дың тиімді моделін қалай қалып­тас­тыруға, сондай-ақ ғылым мен инновацияны дамыту арқылы қандай табыстарға жетуге болатынын көрсетеді.

«Академиялық жетістіктерге жету үшін Қазақстан әлемдік үздік тәжірибені қабылдауға әрқашан дайын. Біз осы уақытқа дейін 6 шетелдік жоғары оқу орнының филиалын аштық, бұл статистиканы одан әрі өсіріп, шетелдік әріптестеріміздің санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз мұнай-газ секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сияқты маңызды салаларға жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса назар аударуымыз керек. CityU мен Сәтбаев университеті арасындағы ынтымақтастық Қазақстан сту­денттері үшін жаңа перспективалар ашып, олардың білім алу тәжірибесін байытады әрі еліміздегі жасанды интеллект пен инженерия саласындағы инновациялар үшін қосымша мүмкіндіктер береді», деді С.Нұрбек.