Елорда • 07 Желтоқсан, 2023

Астанада 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады

148 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада биылғы қысқы маусымда 60 - қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалады. Олардың бәріне кіру бас қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады. Тек сырғанауға арналған құрал-жабдықтарды жалға алу қажет немесе өзіңізбен бірге әкелуіңізге шектеу қойылмайды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары ашылады

Астана қаласы әкімдігі сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген қысқы серуен аймақтарын ашуды жоспарлап отыр. Әкімдік қыс мезгілінде бос уақытты пайдалы өткізу үшін  сырғанақтар мен мұз айдындарын дайындау үшін мынадай орындарды белгіледі:

«Байқоңыр ауданында: 1. «Жастар» сарайы аумағында мұз айдыны мен 2 сырғанақ ашу жоспарланып отыр, сондай-ақ жаңа жылдық шырша орнатылады; (Республика даңғылы, 34)

  1. К.Ататүрік атындағы саябақта мұз айдыны мен сырғанақ орнату жоспарланып отыр; (Ж.Тәшенов көшесі)
  2. «Жазушылар» аллеясы учаскесінде сырғанақ, «Жаңа жылдық шар», Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндерін және т.б. орнатылмақ; (Абай даңғылы) 
  3. Өндіріс елді мекені мұнда мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады; (Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы) 
  4. Кирпичный елді мекені мен Өндіріс елді мекенінде мұз айдыны мен сырғанақ орнатылады; (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) 
  5. «Қазқалашық» елді мекенінде биіктігі 2 метр сырғанақ, 6 метрлік конустық шырша орнатылады; (Досмұхамедұлы көшесі, 6) 
  6. «СМП» ТМ аумағында биіктігі 2 метр сырғанақ және 6 метрлік конустық шырша орнатылады. Дәл осындай сырғанақ 126-шы көшеде орнатылады. Кеншілер көшесі 5, 126-көше.
  7. «Қоянды» учаскесінде биіктігі 4 метр болатын сырғанақ орнатылады, мұз айдынының ауданы 240 шаршы метрді құрайды, сондай-ақ 5 метрлі шырша орнатылады. (Алаш тас жолы) 

Сарыарқа ауданында мына орындар бойынша 11 сырғанақ пен 4 мұз айдынын салу жоспарланып отыр:

  1. Бөгенбай батыр даңғылы, 43, (мұз айдыны);
  2. Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11 (2 сырғанақ және мұз айдыны);
  3. Көктал саябағы (2 сырғанақ және мұз айдыны);
  4. Кенесары хан ескерткішінің жанындағы Есіл өзенінің жағалауы (6 сырғанақ пен мұз айдыны);
  5. Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы (1 сырғанақ).

Алматы ауданында 11 сырғанақ дайындалады. «Қазақ елі» алаңында, Триатлон саябағында, Пирамиданың артындағы саябақта, Оқушылар сарайының аумағында, «Нұрлы жол» вокзалының аумағында, Сарайшық шағын ауданында, тағы 5 сырғанақ Теміржолшылар, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді мекендерінде болмақ. Мұз айдындары «Қазақ елі» алаңында, «Триатлон» саябағында, «Пирамида» артындағы саябақта және көпір астындағы аумақта орналасады.

Нұра ауданында да арнайы тақырыпқа арналған шағын архитектуралық фигуралар орнатылады, фотоаймақтар ашылады және 6 төбешік пен 2 сырғанақ болады:

  1. Орталық саябақ (төбешік, сырғанақ);
  2. «Хан Шатыр» сауда үйінің жанындағы аумақ (2 сырғанақ, мұз айдыны);
  3. «Азия Парк» СОО (төбешік);
  4. Айтматов-Сығанақ қиылысы (төбешік);
  5. Үркер елді мекенінің Айғыржал көшесіндегі алаң (төбешік).

Есіл ауданында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін үш негізгі орындар ішінде ЭКСПО алаңы, Ботаникалық бақ және «Керуен» сауда үйі бар. Ботаникалық бақта және ЭКСПО аумағында 2 төбешік, Ботаникалық бақта, «Керуен» СОО жанында мұз айдыны, сонымен қатар ЭКСПО аумағында 2 сырғанақ орнатылады. Сондай-ақ «Бәйтерек» монументі, Салтанат қақпасы, Нұржол бульвары және «Астана Балет» театры маңындағы аумақтар шағын архитектуралық фигуралармен безендіріледі. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Мәңгілік Ел даңғылы, Достық, Сарайшық, Қонаев, Бөкей хан көшелері бойындағы т.б. ағаштарды безендіру жоспарланып отыр.