Оқиға • 03 Желтоқсан, 2023

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында үш күн бұрын далаға ойнауға шыққан бала үйіне қайтып оралмаған. Үш күн бойы іздестіріліп жатқан 4 жасар баланы табуға әскерилер де қосылды, деп жазады Egemen.kz.  

Түркістанда жоғалған 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Фото: Түркістан облысы ПД

Қазір Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған баланы тәртіп сақшыларымен бірге іздестіріп жатыр.

«Облыстағы 17 қала, ауданға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон аппараты да қосылды», деді Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.