Парламент • 28 Қараша, 2023

Сенаторлар Қазақстандағы инновацияны дамыту мәселелерін зерделеді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында Қазақстандағы инновация қызметін дамыту және жетілдіру мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Сенаторлар Қазақстандағы инновацияны дамыту мәселелерін зерделеді

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруда тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Біздің комитет осыған байланысты саланы жетілдіру жөнінде құзыретті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп келеді. Экономика саласы мен заңнамалық реттеу және басқа да басым бағыттардағы инновациялық тәсілге назар аудару қажет», деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Қаныш Төлеушин еліміздегі инновациялық экожүйені дамыту мәселелері туралы айтып берді. Ол қаржыландырудың аздығына, мониторинг тетіктерінің әлсіздігіне және технологиялық тұғырнамалардың даму қарқынына байланысты инновация деңгейінің төмендеп кеткенін атап өтті.

Депутаттар отырыс барысында өңдеу өнеркәсібі саласындағы инновациялық қызметті дамыту мәселелерін көтерді. Шараға сондай-ақ ғылым және жоғары білім, энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев отырысты қорытындылай келіп, кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар пысықталатынын және кейіннен Қазақстандағы инновацияны дамыту тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстел жұмысында пайдаланылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше