Футбол • 15 Қараша, 2023

Қазақстан – Сан-Марино ойынына кімдер төреші болады?

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Сан-Марино құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 17 қараша күні «Астана Аренада» өтетін маңызды матчқа Австрия төрешісі Харальд Лехнер қазылық жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан – Сан-Марино ойынына кімдер төреші болады?

Ойында Лехнерге отандастары Андреас Хайндрайх пен Штефан Пихлер көмектеседі, төртінші төреші – Себастьян Гисхамер. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін «Н» тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Сан-Маринодан кейін 20 қараша күні сырт алаңда Словениямен кездеседі.