Саясат • 03 Қараша, 2023

ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы басталды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы басталды

Фото: pressmfakz

Іс-шара ТМҰ-ның 10-шы мерейтойлық саммиті қарсаңында өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келгенін хабарладық. Мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Сондай-ақ Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келді.