Шаруашылық • 27 Қазан, 2023

«ҚазАгроҚаржы» қолайсыз ауа райынан зардап шеккендерді қолдайды

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Агроөнеркәсіптік кешендегі отандық лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолайсыз ауа райы жағдайларының ауыр зардаптарына тап болған аграршылардың проблемаларын назардан тыс қалдырмайды.

«ҚазАгроҚаржы» қолайсыз ауа райынан зардап шеккендерді қолдайды

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері биыл суармалы су тапшылығы мен температураның қалыптан тыс болуына байланысты қатты зардап шекті. Бұл дақылдардың өнімділігіне әсер еткені сөзсіз. Биылғы жылдың тамыз айында «ҚазАгроҚаржы» аграршыларға егіннің өспеуінен туындаған қаржылық қиындықтарды еңсеруге көмектесу мақсатында қаржы лизингі шарттарын қайта құрылымдауға және ұзартуға өтінімдер қабылдауды қолға алды.

Жамбыл облысы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының директоры Жанар Исмаилова-Есжанова қазіргі климаттық жағдайда аграршыларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. «Біз қолайсыз ауа райынан зардап шеккен клиенттерімізге өздерінің қаржылық лизинг шарттарын қайта құрылымдауға және ұзартуға мүмкіндік береміз. Бұл – өңірдегі ауыл шаруашылығын қолдау жолындағы маңызды қадам», деді Ж.Исмаилова-Есжанова.

Қазіргі жағдай бойынша Жамбыл облысы филиалына шарттарды қайта құрылымдауға және ұзартуға 15 өтінім келіп түсті, оның 6-ауы мақұлданды. 1 өтінім медиация бо­­йынша мақұлданған, ал қалғандары қаралып жатыр. Бұ­ған дейін «ҚазАгроҚаржы» тұрақсыздық айы­бын есептен шығару жөніндегі акцияны іске қосқан, сондай-ақ «Өз жемшөбіміз» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 1 нау­рызға дейін авансты төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін бе­ріп, жем өндіру үшін ауыл шаруашылығы техникасын лизинг­теу жөніндегі арнайы шарттарды ұсынған болатын. Бұл шаралар аграрлық секторды қолдауға бағытталған және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, уа­қыт­ша қаржылық қиын­дықтарды жеңуге көмектеседі.