Марапат • 24 Қазан, 2023

Футболшы Асхат Тағыберген Президент марапатына ие болды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболшы Асхат Тағыберген Президент марапатына ие болды

Фото: ашық дереккөз

«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды», деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталған азаматтардың тізімін жариялаған едік.