Байқау • 16 Қазан, 2023

Сәукелелі арулар сайысы

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде есту мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында «Сәукелелі ару –2023» сұлулық конкурсы өтті. Оған еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе қалалары және Татарстан, Қырғызстаннан келген он бес бойжеткен қатысты. Байқаудың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерін, әсіресе сәукелені насихаттау болатын.

Сәукелелі арулар сайысы

Бұл – екінші жыл өткі­зіліп отырған сайыс. Былтырғыға қара­ғанда катысушылар қатары көбірек бол­ғанын атап өткен жөн. Бәйге барысында үміткерлердің сыртқы сұлулығы ғана емес, ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен мә­дениеті, әдебиетін білуі және жеке өнерін көрсете алуы жарыстың негізгі шартына айналды.  Әрине есту мүмкіндігі шектеулі бойжеткендерге осындай қатал сыннан өту оңай емес. Соған қарамастан арулар алуан түрлі үлгіде  аса талғаммен тігілген  ұлттық  киімдерімен және табиғи сұлу­лықтарымен қазылар алқа­сының назарын аударды.

Байқау қорытындысы бойынша «Сәукелелі ару – 2023» жүлдесіне атыраулық бойжеткен Қаракөз Мұрат лайық деп танылды. Жүлделі І орынды Ақтөбенің бойжеткені Гүлден Уәйі­сова, ІІ орынды Бішкек қаласынан кел­ген Эльзира Мирланқызы, ІІІ орынды ас­таналық Айзада Жауғаштина  иеленді. Бұл жолы Ақтөбеге байқауға келген қыздардың ешқайсысы құр кеткен жоқ. Ұйымдастырушылар қатыс­қандардың барлығына арнайы сый таға­йындады. Айта кету керек, сәнді сәу­келемен қоса тал бойларына жарас­қан ұлттық киімдердің үлгісін қыздар өздері тіккен.

 

Ақтөбе