Мәдениет • 12 Қазан, 2023

Мәдени өрістің маңызы зор

181 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жақында Алматыда «Кеше, бүгін, ертең: түркі мәдениетінің сәулет және көркем ескерткіштері» атты жалпы атаумен бірнеше халықаралық жобаның тұсаукесер рәсімі өтіп, ол руханият өрісінің кеңеюінде маңызы бар игілікті бастама ретінде зиялылар ортасында қолдау тапты. Еліміздің ұлттық дәстүрін сақтау және ілгерілету ісіне өз үлесін қосу мақсатын көздеген ауқымды іс-шара белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында өтті.

Мәдени өрістің маңызы зор

Бірегей жобалардың жетек­шісі әрі ұйым­дастырушысы, Суретшілер ода­ғының мүшесі, Мә­дениет қайраткері Болат Хам­зиннің пікіріне қарағанда, мұн­дай жобалардың өзектілігі түркітілдес халықтардың генетикалық жадын, мәдени кодын сақтаудың тарихи қажеттілігінен көрініс таба­ды. Қа­зақстан әрқашан гео­графиялық және тарихи тұрғыдан мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысында тұр­ғанын ұмытпаған абзал.

Жобаның нысанаға алған мақ­саты да сол, адамдар арасын­дағы қарым-қатынас шекарасын кеңейту, келешек өскелең ұрпақтың тәрбиесі үшін ұлттық-мәдени мұраны дамыту және толықтыруға ықпал ететін мүм­кіндік тудыру. Рухани-адам­гер­­шілік дағдарысты еңсеру үшін қарастырған тұжы­рымда­малық ұлттық жобалардың бірі – тарихымыздың мәдени ар­тефактілер ансамблін құру. Қазақ­станның ұлттық дәстүрлерін жаңғырту және ілгерілету ісіне өз үлесін қосуды мұрат тұтқан авторлардың ойынша, жоба кеше­гі, бүгінгі және болашақ мә­дение­тінің симбиозы болады.

Ағаштың тамырсыз өсе алмайтыны сияқты адам да өзінің өткен тарихын, жәдігерлерін, мәдени кодты сақтау арқы­лы ғана келешек көшіне ілесе алады. Жобаны әзірлегендердің көздеген мақсаты ауқымды – бүкіл ел аумағына та­ралған барлық аса маңызды мә­­дени нысандардың тұтас ан­сам­блі бір жерде құрылатын бо­ла­ды. Бұл халықтың ұлттық-мә­де­ни мұрасын жаңғыртуға және дамытуға, қоғамдық сана­дағы ұлт­тық құндылықтар мен дәс­түр­лердің оң бейнесін ны­ғайтуға, ішкі және сыртқы туризм­­ді да­мытуға, халықтың тари­хи өзін­дік сана-сезімі арқылы елдің заманауи имиджін бренд­теуге, болашақ ұрпаққа патриоттық тәрбие бе­руді дамыту, балалар мен жас­тар арасында ұлттық-мәдени құндылықтарды ілгерілету жолында бағыт беріп, жөн сілтейді.

Алғашқы жоба сәулет өнеріне бағыт­талған «Ұлы дала аманаты» тарихи этно­мәдени жобасы. Жобаны әзірлеген Болат Хамзин мен Уәлибек Хусайынның айтуынша, бұл еліміздің кең аумағында, бір жерде (Диснейленд типі бо­йынша Алматы облысының аумағында, Алматы мен Қонаев қаласы арасындағы, Астана ма­ңындағы немесе республиканың бас­қа өңірлеріндегі жол бойында) барлық аса маңызды мәдени нысандардың тұтас ансамблі бол­мақ. Ежелгі композициялармен қатар қазіргі заманғы мәдени рә­міздер мен футуристік нысандар, соңғы цифрлық технологиялар­ды қолдана отырып, тарихи ретроспективада виртуалды әлемге енетін орталық болмақ. Бүгінгі уақыт талабы мен заманауи бағыттардың беталысын бақылап отырған Түркия жоғары оқу ор­нының түлегі, мүсінші, дизайнер Уәлибек Хусайынның жоба­лауынша, сәулет жобасының орта­лығы киіз үй түрінде орындалады, айналасында оған көрік беріп, то­лықтырып тұратын өзге де сәу­­лет нысандары қоныс теппек.

Суретші Болат Хамзиннің атап өткен екінші жобасы – қазақ және түркітілдес елдердің ежелгі заман­нан бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейтін үлкен кө­лемдегі панорамалық тарихи сурет. Аса көлемді тарихи туынды түркі ел­дерінің пайда болу, қайта өрлеу тарихы, ғұндар, сақтар, скифтер тарихының көріністерінен тұра­тынын атап өтті. Жобаны жү­зеге асыру үшін идея авторлары Ұлттық ғылым академиясымен, түркітанушы тарих­шыла­мен бірлесе жұмыс істеп, зерттеу ісін бастап та кеткен, бұл бірлескен жұ­мысты алдағы уа­қытта да жал­ғастыра беруге ниетті. 100 шаршы метр кө­лемдегі алып туынды идеясын жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғыз Рес­публикасы, Өзбек­стан, Түрік­менстан, Әзербайжан, Түр­кия, Ма­жарстан сияқты елдердің ше­бер­л­ері ықылас танытып отыр. Орта Азияның өнер тарландарын қызық­тырып отырған ауқымды жобаны әзірлеуде «Ер намыс» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы, спорт ардагері, профессор Ер­бо­лат Алия­дин де атсалысқан.

Тарихтың сырлы кезеңдерін құді­ретті қылқаламмен кескін­дейтін алып кар­тина «Ұлы дала аманаты» сәулет орта­лығында ор­наласпақ. Жоба авторлары Болат Хамзин мен Уәлибек Хусайын болашақта бұл орталықта әлемдегі ең ірі балалар галлереясын құруды жос­парлап отыр. Республиканың ау­дан-ауылындағы, шағын және ірі қалаларындағы дарынды ба­лалардың шығармалары ор­та­лықтың көрнекті тұсынан орын тауып, мамандар тай күнінен та­нылған жас таланттардың есімін ел ішіне дәріптеп, танытудың тиімді тәсілдерімен айналысады. Осы орайда айта кету керек, бірнеше жылдан бері Па­риж­­дегі ЮНЕСКО штаб-пәтері жанындағы Қазақстанның халық­аралық мәдени дипломатия қа­уымдастығымен бірлесе отырып, балалар шығармашылығын шет­елде насихаттау үшін сурет көрмелері ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі достық пен бей­бітшілікті нығайту үшін мәде­ни-танымдық міндетпен бірге бұл идея өскелең ұрпаққа көркем­дік-эстетикалық тәрбие беру мін­­детін де өз мойнына алған. Ба­­ла­лардың туындылары Бейжің Олим­пиадасында, Луврдағы ба­лалар өнерінің дүниежүзілік көр­месінде жүлделі орынға ие болды. Парижде, әйгілі Луврда қазақ елінің талантты балалары тарихта тұңғыш рет дүниежүзілік сурет­шілер көрмесіне қатысты.

Өткен жылы балалар шығар­машы­лығына арналған «Ұлы Жі­бек жолы» жобасы әзірленді, оның аясында көшпелі көрме ұйым­дастырылды. Жылжымалы көрме – экспозицияны, арнайы құрылымдық кеңістікті және көр­менің концептуалды, бей­не­лі тұтастығын қамтамасыз ете­­тін, қоршаған ортаның сұра­ны­сы мен қызы­ғушылығын қам­титын бірыңғай жүйе. Ол жас сурет­­шілер мен олардың ата-ана­­ларының еңбегін насихаттаумен бірге, өзінің дизайнерлік, эсте­ти­калық, ақпараттық, көркемдік қа­сиеттерімен де пайдалы мәнге ие.

Мектеп пен білім беру ісінде көшпелі көрменің атқаратын рөлі орасан зор.

Халықаралық басқосуда Фран­ция елінен келген CROSS COUNTRY SKIING SAND ком­паниясының президенті Эстель Пейен, белгілі қоғам қайрат­кер­лері мен ру­ханият жанашырлары Валерий Тол­мачев, Асылы Осман, «Қазақстандағы орыс мәде­ниет орталығы» қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Всеволод Лукашев, Ха­лық­ара­лық Мәдениет­терді жа­қындастыру орталығы дирек­то­рының орынбасары Сал­­танат Әші­мова жобаның келешек ұрпақ­тың рухани өрістеуі жо­лын­дағы ма­ңызын кеңінен атап өтті.

 

АЛМАТЫ