Қаржы • 10 Қазан, 2023

Доллар тағы қымбаттады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар тағы қымбаттады

Күнделікті сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге көтеріліп, 477,21 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 қазандағы бір долларға арналған ресми бағамы 477,02 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,95 теңгеден сатып алынып, 479,99 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 477,45 теңгені, сатылымы 479,71 теңгені құрап отыр.