Спорт • 07 Қазан, 2023

Дидар Әмірәлі - Азия ойындарының қола жүлдегері

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан каратэшісі Дидар Әмірәлі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дидар Әмірәлі - Азия ойындарының қола жүлдегері

Фото: sports.kz

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.

Дидар жартылай финалда екі мәрте әлем және Азия чемпионы, ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңді.

Осылайша, бүгін татамиге шыққан үш каратэші де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.