Есірткі • 16 Қыркүйек, 2023

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан екі шетелдік ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда 1987 жылы туған Түркия азаматы ұсталды. Ол есірткі сақтап, оны сатумен айналысқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан екі шетелдік ұсталды

Қалалық прокуратураның мәліметінше, ұсталған ер адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған екі орын анықталды, ол арадан есірткіге ұқсас заттары бар екі пакет алынды.

«Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және «мефедрон» заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды», делінген хабарламада.

Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен түрік азаматы 2 айға қамауға алынды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта бұл іс бойынша күдіктінің сыбайласы - 1982 жылы туған РФ азаматы ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.