Тұлға • 05 Қыркүйек, 2023

Өнер саңлағы ұлықталады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римо­ваның 100 жылдығына арналған «BIKEN»
I Халықаралық театр фестивалі 29 қыр­күйек – 4 қазан аралығында ТҮРКСОЙ ұйы­мының аясында өтеді. Іс-шараға Жетісу облысы әкімдігі қолдау көр­сетпек.

Өнер саңлағы ұлықталады

Фестивальдың мақсаты – сахна саңлағының 100 жылдығын мерекелеу, оның есімін ұлықтау, сонымен қатар режиссерлер мен актерлер арасынан кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан үздік сахнагерлерді анықтау. Фестивальге елімізден Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демия­лық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Жан­төрин атындағы Маңғыстау облыстық музы­калық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры, Алматы қалалық Мәдениет басқармасының «Жаңа ғасыр» театры, Астана қалалық «Музыкалық жас көрермен театры» және шетелден Түркия, Әзербайжан, Түркімен­стан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекет­терінің театрлары қатысады.

Фестиваль аясында Б.Римованың бюсті салтанатты түрде ашылады. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры фести­вальдың шымылдығын Бикен Римова басты рөлді сомдаған «Еңлік-Кебек» қойылымымен ашпақ.

Театр фестивалі халықаралық деңгейде өт­кі­зілетін болғандықтан, қазылар алқасының мүше­лері Қазақстанмен қоса, Әзербайжан, Баш­құрт­стан елдерінен таңдалған. Қазылар алқа­сының төрағасы – Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлт­тық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.