Президент • 05 Қыркүйек, 2023

Президент «Lst Agro» жылыжай кешенін аралап көрді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы қызанақ пен көшет өсіруге маманданған «Lst Agro» ЖШС жылыжай кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Lst Agro» жылыжай кешенін аралап көрді

Фото: Ақорда. Телеграм

Ақорда

Жылыжай кешенінің жалпы аумағы – 7 гектар. Онда жылына 3650 тонна қызанақ өсіріледі. Кешенге 5,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған. Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы көрсетіледі.

Президентке кәсіпорында тамшылатып суару, тұмандату және көмірқышқыл газын өндіру жүйелері жұмыс істейтіні туралы баяндалды.

Жылыжай кешеніндегі суару құралдарын, климаттық және энергетикалық жабдықтарды басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ ол арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда суды тазартудың заманауи технологиясы да енгізілген.

Қызанақ өсірудің озық голландтық әдісінің нәтижесінде компания өнім көлемін бірнеше есе ұлғайтып, сапасын жоғарылатуға қол жеткізді. Өнімнің басым бөлігі экспортталады. Кешенді аралап көрген Мемлекет басшысы өндірілетін өнім түрлерімен танысып, жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін осындай инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025