Парламент • 28 Тамыз, 2023

Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.