Олимпиада • 08 Тамыз, 2023

Халықаралық олимпиададан – қола медаль

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияда өткен Халықаралық экономикалық олимпиадада (IEO) оралдық оқушы Нұрдәулет Хайдар қола медаль жеңіп алды.

Халықаралық олимпиададан – қола медаль

24 шілде мен 2 тамыз аралы­ғын­да өткен әлемдік білім дода­сы­на Қазақстан құрамасы онлайн қатысқан болатын. Команда құ­ра­мында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрдәулет ел намысын абыроймен қорғап шықты. Жалпы нәтижеде Қазақстан командасы 1 күміс, 4 қола медальды қанжығаға байлады.

– Халықаралық олимпиада тап­сырмалары республикалық ке­зең­дегідей болды. Тапсыр­ма­лар­ды орындауға аз уақыт берілді. Бірақ сұрақтың басым бөлігіне сәтті жауап беріп, қола медальға қол жеткіздім. Бұл олимпиада ар­қы­лы өзімнің кемшіліктерімді де байқадым. Егер тағы бір мәрте қатысу мүмкіндігі болса, алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын, – дейді Нұрдәулет.

«Бұл олимпиада тестілеу, ашық сұрақтар, қаржылық ойын және бизнес кейс кезеңдерінен тұр­ды. Шәкіртіміздің жетістігіне мек­те­біміздің экономика пәні мұға­лі­мі Әйгерім Рахымның да үлесі зор», дейді Назарбаев зияткерлік мек­те­бінің баспасөз хатшысы Мөлдір Латифова.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43