«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды. 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері барып, 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды. Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 01:32
Шымкентте жоқ адамдарға жалақы аударған директор орынбасары мен бухгалтер сотталды
Жемқорлық • Бүгін, 00:22
Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады
Ауа райы • Кеше