Қаржы • 03 Тамыз, 2023

KASE: Доллар бағамы қымбаттады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

KASE: Доллар бағамы қымбаттады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,26 теңгеге көтеріліп, 445,01 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 тамыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 443,66 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,14 теңгеден сатып алынып, 448,12 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,95 теңге, сату – 447,03 теңге.