Есірткі • 26 Шілде, 2023

Атырауда 1500 доза есірткі затын сақтаған күдікті ұсталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау полицейлері 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 1500 доза есірткі затын сақтаған күдікті ұсталды

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткі сақтады деген күдікпен Абай облысының 1998 ж.т. тұрғынын ұстады.

Тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 гр 1500 доза болатын мефедрон екені анықталды.

ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.