Қоғам • 17 Шілде, 2023

Провайдерлер ұялы байланыстағы ақау себебін анықтап жатыр

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Астана, Қарағанды ​​және Қазақстанның басқа да қалаларында ұялы байланыс пен интернетке қосылу мүмкін болмады. Дәл қазір провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Провайдерлер ұялы байланыстағы ақау себебін анықтап жатыр

Kcell баспасөз қызметі Қазақстанның бірқатар өңірінде ұялы байланыс пен интернетте ақаулар бар екенін растады.

Zakon.kz сайтының жазуынша, провайдерлер мәселенің себебін анықтау жұмыстарына кірісті.

«Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада дерек жіберу қызметі жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар ақау себебін анықтап жатыр», делінген Kcell компаниясы таратқан хабарламада.