Спорт • 11 Шілде, 2023

Кавендиш қатардан шығып қалды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция тасжолдарында өтіп жатқан вело­спорттан «Тур де Франс» Гранд-туры бел ортасына таяса да, «Астана» өкіл­дері үздіктер қатарынан көріне алар емес.

Кавендиш қатардан шығып қалды

Сен-Леонар-де-Нобла мен Пюи-де-Дом қалаларын жалғаған жарыстың тоғызыншы кезеңінде «Астана» командасының өкілі, ел чемпионы Алексей Луценко мәре сызығын жетінші болып кесті. 182,5 шақырымға созылған қашықтықты отандасымыз 4 сағат 20 минут 20 секунд ішінде жүріп өтті. Ал бұл кезеңде канадалық Майкл Вудстың («Israel-Premier Tech») бағы жанды. Оның уақыт көрсеткіші – 4 сағат 19 минут 41 секунд. Екінші орынды франциялық Пьер Латур («Team TotalEnergies»), үшінші орынды словениялық Матей Мохорич («Team Bahrain Victorious») иеленді.

Жалпы есепте «Тур де Франстың» был­тырғы жеңімпазы даниялық Йонас Вингегаард («Jumbo-Visma») көш бастап тұр. Оны словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates») мен аустралиялық Джей Хиндли («Bora-Hansgrohe») өкшелеп келеді. Өкінішке қарай, «Астана» командасы көшбасшыларының бірі британиялық Марк Кавендиш жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45