Партия • 10 Шілде, 2023

Өнім өткізу нарығы алаңдатады

218 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Айс плюс» ЖШС ұжымымен кездесіп, сүт өңдеу зауытын жаңғырту барысымен танысты.

Өнім өткізу нарығы алаңдатады

1999 жылы Ақтөбе қалалық сүт зауыты негізінде құрылған «Айс-плюс» компаниясы сүт, ашы­тылған сүт өнімдері мен бал­мұздақ шығарады. Компания жылдан-жылға қуатын арт­тырып келді. Мәселен, 2018 жылы тәулігіне 20 тоннаға дейін бал­мұздақ өндіруге мүмкіндік бере­тін итальяндық өндіріс желісін іске қосты. 2020 жылы балмұздақ цехы, 2021 жылы сүз­бе цехы жаңғыртылды.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары ұжым мүшелерімен алдағы уақытта қаралатын заңдар бойын­ша пікір алмасып, жұрт­шылықтың ойын білді. Ұжым мүшелері ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын ке­ңейту мәселесін шешуді және ішкі нарықты қорғау жөнінде шаралар қабылдауды сұрады.

– Біз заңдарды халық үшін қабылдаймыз және халықпен бірге жазамыз. Басты ұстанымымыз –  осы. Мәселен, халықтың қажетін қанағаттандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне, жалпы Үкіметке көптеген сұрақ қо­йылып, мал шаруашылығын дамытуға қатысты депутаттық сауалдар жолданды. Қазір Аграрлық мәселер жөніндегі комитетте «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» және кейбір заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бо­йын­ша еліміздегі жаңа заң жобасын екінші сессияда енгізу жос­пар­ланып отыр, – деді Қазыбек Әлі­шев.

Ғалымжан Елеуов тұрғын­дар­мен кездесуде көтерілген мәсе­ле­лерге тоқталды. Соның ішін­­де «Ембі-Алтынды» тас жо­лы­ның жағдайы, Ақтөбедегі Ши­лісай мектебі мен Қандыағаш, Ембі қаласындағы мектептердің құры­лысы депутаттар бақы­лауын­да екенін жеткізді. Сондай-ақ Алға қаласы «Подхоз» елді меке­­нін­дегі мектеп мәселесі де ше­­шілуге тиіс.

Бүгінде «Айс-плюс» ЖШС «Amanat» партиясының жол картасы шеңберінде жалпы құны 3 млрд теңге болатын ауысымына 50 тонна сүт құю цехын ашу бо­йын­ша инвестициялық жобаны жүр­­­гізіп отыр. Қазіргі уақытта цех­ты қайта құру және қойманың құ­­рылыс-монтаж жұмыстары аяқ­талды.

 

Ақтөбе облысы