Қазақстан • 27 Маусым, 2023

Алматы мен Сочи арасында тікелей рейстер қайта жанданады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы мен Сочи арасында тікелей рейстер қайта жанданады

Осылайша, «Азимут» әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.

Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.