Қоғам • 20 Маусым, 2023

Тимур Бекмамбетов өзінің волонтерлік бастамасын ұсынды

6183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана төрінде бас қосқан еріктілер форумда өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимур Бекмамбетов өзінің волонтерлік бастамасын ұсынды

Халықаралық форум барысында қазақстандық режисер Тимур Бекмамбетов жуырда өзінің волонтерлік жобасын ұйымдастыратынын мәлімдеді.

«Менің балалық шағым Атырауда өтті. Сол жердегі таныстарым шағын өңірлер мен қалалардан шыққан адамдар шеткері аймақтағы жастарға үлгі бола алатынын айтып, ойыма жақсы идея салды. Осы тұста Қазақстанның шағын елді мекендерінде туып-өсіп, үлкен жетістікке жеткен, есімдері бүкіл әлемге танылған азаматтар өте көп. Мәселен, Оралдан шыққан Сәуле Омарованың орны бөлек. Илон Масктың тың жобаларына қатысып жүрген Санжар Тайжанды да ерекше атап өтуге болады. Мұндағы волонтерлік бастаманың идеясы – қазақтан шыққан әлемдік тұлғаларды туған жеріне шақырып, жерлестерінің жүректеріне үміт отын ұялату, үлкен тәжірибесін, заманауи дағдыларын, ел ішінде болып жатқан жағдайларға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға шығару. Ол үшін қазақстандық саясаткерлер мен еріктілер ұйымдарының қолдауы ауадай қажет. Сіздерді осы бастаманы қолдауға шақырамын», деді Тимур Бекмамбетов өз сөзінде. 

ип