Әлемді жаулаған індет Ахмедия Есмұхановты да іліп әкетті. Биыл ол 70 жасқа толатын еді...
Жезқазған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әнші-композитор Ахмедия Есмұхановтың 48 әнінің нотасы және мәтіні енген «Тамшылар» атты жинақты жариялады.
Осы кітаптың тұсаукесері Жезқазған жұртшылығына арналған ән кешіне ұласты.
Кешке жан-жақтан белгілі әншілер келіп, композитордың әндерін шырқады, естеліктерімен бөлісті.
Марқұмның соңында өнері ғана емес, өнерлі ұрпақтары қалыпты. Қызы Динара Есмұханова-Ибраеваны, немерелері Медина Ахмедия мен Айзере Бауыржанды сахна төрінен көрген көпшілік сүйсіне қол соқты.
Кеш өнердің өміршеңдігін, мәңгілігін көрсетті.
Жезқазған