Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.