Қоғам • 11 Маусым, 2023

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысты

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуінің алдыңғы бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысты

10 маусымда сағат 22:25-те 101 пультіне Абай көшесінің бойында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен 7 қызметкері шықты. Олар 22:29-да оқиға орнына жетті. Көше бойында 4 автокөліктің соқтығысуы салдарынан «Toyota Estima» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі жанып кеткені анықталды. Автокөлікке газ орнатылғаны белгілі болды. Өрт 22:45-те толығымен сөндірілді. Адамдар аман», деп  хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.