Аймақтар • 31 Мамыр, 2023

Шымкенттік жасөспірімдер суға батқан баланы құтқарып қалды

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте екі жасөспірім бала суға батқан 6 жасар баланы аман алып қалды. Оқиға 10 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттік жасөспірімдер суға батқан баланы құтқарып қалды

фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға Бадам өзенінде болған.

Мектеп оқушылары Ердәулет пен Рамазан суға түсуге келіп, су батып бара жатқан баланы көреді. Көп ойланбастан көмекке ұмтылған Рамазан Амангелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан кішкентай баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Үздіксіз жасалған жасанды тыныс әрекеттері өз нәтижесін берді. Тұншығып қалған баланың өкпесіндегі суы кетіп, бірте-бірте тыныс ала бастаған», делінген департамент таратқан хабарламада.

Айта кетсек, қаһарман жігіттер №128 қалалық мектепте оқиды. Ердәулет Шыңғысхан 8 сынып, ал оның досы Рамазан Амангелдиев 9 сынып оқушысы.