Мәдениет • 30 Мамыр, 2023

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті

544 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Абайдай ұлы ұстаздан тәлім-тәрбие алған, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қазақ ғұламасы, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы мен әнші, белгілі шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековтің 70 жылдық мерейтойы қатар келді. Осыған орай 26 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...»  атты кеш өтті

Шәкәрім Құдайбердіұлы ұрпағына рухани азық боларлық мол мұра қалдырды. Атап айтсақ, өлең-дастандар, мысалдар, нақыл сөз, проза, қара сөздер, аудармалар. Сондай-ақ ақынның артында көптеген әндері де қалды. Осы әндердің жиырма шақтысы Қ.Керімқұлов, А.Шәкәрімұлы, Н.Алдажаровтар арқылы кейінгі ұрпаққа жетсе, одан кейінгі кезеңдегі Шәкәрімнің ән мұраларының ХХІ ғасырға жетіп, ел санасына сіңіп, жадында жатталуына ерекше үлес қосқан бірден-бір әнші – Күршім ауданының тумасы, шәкәрімтанушы, ҚР мәдениет қайраткері Келденбай Раузаұлы Өлмесеков.

Кеш қонақтары Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты тың деректер алып, кітапхана қызметкерлері ұсынған көрмеден ақын қаламынан шыққан көптеген шығармаларымен танысты. Сонымен қатар, өмірін Шәкәрімнің музыкалық мұраларын іздеуге, елге таныстыруға арнаған, осы мақсатпен қазақтың Алтайдан Атырауға дейінгі аралығын жиырма жылдан аса уақыт аралаған, Шәкәрім әндері десе кез-келген қазақтың есіне алдымен есімі түсетін Келденбай Өлмесековтің Шәкәрім әндерінің насихатталуы жолында атқарған еңбегі туралы айтылды.

Сондай-ақ әншінің өмірі мен бүкіл шығармашылығына арналған «Сұраған жанға сәлем айт…» атты алғашқы жарық көрген кітабы оқырманға ұсынылды.

Өмірде мәңгі жасар ғұмырлар бар. Ол артында сөзі, әні қалған ән иесінің де, әншінің де, әннің де мәңгі ғұмыры. Басқосуда ақынның өлеңдері оқылып, әншінің әндері орындалды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15