Саясат • 30 Мамыр, 2023

Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Әзербайжандағы жаңадан тағайындалған елшісі Әлім Байелдің сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстандық дипломат бауырлас Әзербайжан Республикасында елінің атынан қызмет атқару өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Ә. Байел Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының тапсырмалары шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету бойынша жұмыс істейтінін айтты.

Сұхбат барысында Әзербайжан президенті И. Әлиев екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейінің қарқынына көңілінің толып отырғанын айта келе, өзінің Қазақстанға жасаған сапары мен Қазақстан Президентінің Әзербайжанға жасаған сапарының ықпалдастықтың кеңеюіне үлкен серпін бергенін атап өтті. Әзербайжан басшысы өзі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынастың қазақ-әзербайжан бауырластық байланыстарын одан әрі нығайтудың кепілі екендігін тілге тиек етті.

Әзербайжан Президенті көлік-логистика саласының екіжақты ынтымақтастықтағы негізгі бағыттардың бірі екеніне назар аударды. Президент И. Әлиев бүгінде жүзеге асырылып жатқан бірлескен инфрақұрылымдық жобалар жүк тасымалы көлемін кеңейтуге жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. И. Әлиев сондай-ақ қазақ мұнайының Әзербайжан арқылы жуырда басталған тасымалының өте маңызды қадам болғанын тілге тиек етті. Президент Әлиев елшінің қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Ә. Байел Әзербайжан президентін және халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, биыл 100 жылдық мерейтойы кеңінен аталып жатқан Гейдар Әлиевті құрметпен еске алды.

Дипломат сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ елдерімізбен қатар, бүкіл өңір үшін үлкен геоэкономикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудың екіжақты ынтымақтастықтағы басымдық екендігімен келісті. Аталған жобалардың қатарында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Каспий теңізінің түбімен фибер-оптикалық байланыс желісін тарту, қазақ мұнайының экспортын әртараптандыру бар.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық аренада, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жемісті ынтымақтастық жүргізіп отырғаны аталып өтті. Биыл Қазақстанда өтетін ТМҰ-ның 10-шы мерейтойлық саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15