Елорда • 22 Мамыр, 2023

Астанада үш көше уақытша жабылады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада үш көше уақытша жабылады

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.

Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.

Жоғарыда аталған учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025