Бокс • 16 Мамыр, 2023

«Қазақ болып тумағанда не етер ем». Өзбекстандағы қазақтар Руслан Абдуллаевты құрмет-қошеметпен қарсы алды (видео)

6551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатында Руслан Абдуллаев 63,5 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Өзбекстан ұлттық құрамасына алтын сыйлаған боксшыны ауылы құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ болып тумағанда не етер ем». Өзбекстандағы қазақтар Руслан Абдуллаевты құрмет-қошеметпен қарсы алды (видео)

Руслан Абдуллаев финалдағы жекпе-жекте моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухты жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қандасымызды жергілікті қазақтар ерекше ықыласпен қарсы алды. Боксшыны күтіп алған думанды тойда оның жаттықтырушысы мен демеуші болған азаматқа да құрмет көрсетілді. 

Сондай-ақ әлем чемпионына жергілікті бизнесмен Chevrolet Malibu көлігін сыйға тартқан.

Әлем чемпионы өзін қолдаған барша Өзбекстан халқына алғыс білдірді. Әрі келесі мақсаты олимпиада шыңын бағындыру екенін айтты.