Тағайындау • 12 Мамыр, 2023

Нұрлан имам Астанада жаңа қызметке тағайындалды

1337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан имам Астанадағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан имам Астанада жаңа қызметке тағайындалды

«Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», деп жазды имам. 

Сондай-ақ ол енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесетінін жазды.