Аймақтар • 09 Мамыр, 2023

Жетісу облысында газ таситын машина аударылды

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында газ таситын машина аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында газ таситын машина аударылды

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелері мен мүдделі ұйымдар жіберілген.

- Автомобиль автокранның көмегімен тұрғызылды. Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді.

Үйлесімді шаралардың арқасында қаза болған және зардап шеккен адамдар жоқ. Азаматтарға газбен және басқа да жарылу-өрт қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде аса сақ болуға кеңес береміз, - делінген хабарламада.