Абай • 03 Мамыр, 2023

Вашингтондағы Абай орталығы

192 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуық жылдардан бері шетелде қазақ мәдениеті орталықтары ашылып, сол арқылы еліміздің мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрін өзге елдерге насихаттау, таныстыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл орталықтардың біразы тыңғылықты түрде халқымыздың мәдениетінің керегесі кеңеюіне септігін тигізіп жүргені анық. Солардың бірі – АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы Абай орталығы.

Вашингтондағы Абай орталығы

Аталған орталық 2020 жылы Джордж Вашингтон универ­си­теті жанында құрылған. Сол уақыт­тан бері арнаулы жоба аясын­да ұлы ақын, кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығар­ма­ларымен қатар, Қазақстанның тарихы, салт-дәстүрі және мәде­ниеті туралы америкалық сарап­шылардың сұхбаттары мен ака­демиялық еңбектері жарық көрді. Орталық жалпы Қазақ мәдени орталығы саналады.

Мазмұнды әрі қызықты контент ұсыну мақсатында «ХХ ға­сырда Батыс саяхатшыларының Орталық Азияға жасаған сапар­лары туралы құнды жазбалар» айдары ашылып, «Ұлы дала әуездері» подкастар сериясы тың­дармандарға ұсынылды. Орта­лықтың толыққанды қызметін www.abaicenter.org сілтемесіне өту арқылы оқуға болады.

Осыған байланысты ойларын ортаға салған Абай орталығының продюсері Айтолқын Құрманова: «Абай орталығы – жалпы алғанда, америкалықтар мен ағылшын тіл­ді аудиторияны қазақ мәдениеті­нің өзгеше әлемімен танысты­ру­ға бағытталған мәдени бағдар­ла­ма. Біз мұнда ең алдымен дүние жүзінің ғалымдарына еліміздің мәдениеті, тарихы, өнері, музыкасы, киносы мен әдебиеті жөнінде дұрыс түсінік беру, зерттеу жа­сауларына көмекте­су мақсатын­да жұмыс істейміз. Олардың мұ­қият зерттелген және шынайы еңбектері арқылы біз қазақ мә­де­ниетін зерделеуде бұ­рын­нан келе жатқан жаңсақ пі­кір­лер, мифтер, шындыққа жа­нас­пайтын көзқарастар жөнінде тиіс­ті түсініктер беріп, халқымыз­дың шы­найы бейнесін танытуға тырысамыз. Біз бейнероликтер, подкастар, мақалалар, аударма­­лар жасаймыз және осы әс-әрекеті­­міз арқылы қазақ әлемінің өзгеше ке­ңістігін ашуға талпындық. Ұлт­тық үлгідегі фильмдер, шы­­ғармалар, күйлер мен рәміздер ше­­телдік аудиторияны ғана емес, Қазақстан халқының өзі үшін де қызықты саналмақ», дейді.

Біз сөз етіп отырған Абай орта­­лы­ғының дамуына қаржылай кө­мек беретіндер де аз емес. Со­лар­­дың бірі – «Алтыналмас» АҚ басқарма мүшесі, Тұрақты даму жөніндегі бас атқарушы дирек­торы Бахром Джалолов. Ол: «Абай орталығымен серіктестігіміз Қа­зақ­станның тарихи-таным­дық тұр­ғыдан тағылымды дүниеле­рін ағылшын тілді елдер ара­сын­да әлемдік деңгейде насихат­тау­ға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Сондықтан «Алтыналмас» осы орталықтың жүзеге асырып жатқан жобаларын және ұлттық мәдениетті шетелде танымал ету жолындағы құлшыныстарына әр­қашан қол ұшын береді», деген ойымен бөлісті.

Мұхиттың ар жағында орна­лас­са да өз халқының рухани құн­­дылықтарын Батыс әлеміне та­ныстыруды бірден-бір мақсат еткен Абай орталығы арнайы айдарлар ашып, қазақ әдебиетінің жауһарларын, мәдени мұралар­ын ағылшын тілінде жариялап келе­ді. Айталық, «Қазіргі қазақ әдебие­ті: поэзия және проза», Абай­дың, Мұхтар Әуезовтің туындылары мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын, «Қазақстанның қолөнер және шығармашылық экономи­касы» атты зерттеу еңбегін, Тәт­тімбет, Қазанғап, Дина Нұрпе­йісова сияқты күйшілердің шы­ғар­маларын ағылшын тіліндегі түсіндірмесімен бірге аталған ор­та­лықтың сайтына жүктеп, өзге тіл­дегі оқырмандарға ұсынды.