Қоғам • 27 Сәуір, 2023

Әлібек Қуантыров коммуналдық тарифтердің қымбаттау себебін түсіндірді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коммуналды тарифтер осы жылдың маусым-шілде айларынан бастап біртіндеп көтеріледі. Тарифтердің не үшін артатынын Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Қуантыров коммуналдық тарифтердің қымбаттау себебін түсіндірді

«Коммуналды тарифтер осы жылдың маусым-шілде айларынан бастап көтеріледі. Бірақ біз оны біртіндеп көтереміз. Себебі тарифтер халық үшін қолайлы болуы керек. Болжам бойынша, ол 10-30 пайыз аралығында болады. Бірақ әр өңірде әртүрлі, желілердің ескіру деңгейіне қарай өседі. Мысалы, Екібастұз тарифтерді 108 пайызға көтеруді ұсынды, бірақ біз онымен келіспедік», деді министр.

Әлібек Қуантыров өңірлердегі жылу және электр желілері 80 пайыздан астам ескіргенін атап өтті.

«Тарфитерді көтеру бір жағынан ескірген желілер мен ЖЭО жаңартуға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет. Себебі олардың жалақысы өте төмен»,  деп түйіндеді министр.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30