
Тянь-Шань қоңыр аюы барлық азық түрімен қоректенеді. Ол әртүрлі тамырлар, жидектер (тіпті құрғақ болса да), түрлі шөптер және өсімдік пияздарын жейді. Ал жазда жеміс-жидек жегенді ұнатады. Кейде оның жеміне суырлар, ұсақ кеміргіштер, тіпті жәндіктер де айналады. Қоңыр Тянь-Шань аюы ақуыз тағамынан гөрі өсімдік тағамдарын жақсы көреді.