Аймақтар • 23 Сәуір, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 3 адам қайтыс болды, ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында жантүршігерлік жол апаты болды.

«ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан.

«ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.