Оқиға • 16 Сәуір, 2023

Петропавлда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автобус жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында 16 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жастағы қыз баланы қағып кетті. 

Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз бала түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. 

Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинап жатыр.