Дархан Есенғали еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ финалында жапониялық Кирин Киношитаны жеңді.
Бұл 24 жастағы Дарханның ересектер деңгейіндегі ең үлкен жеңісі саналады.
Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын медаль бар. Бұған дейін Жәмила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг), Ибрагим Магомадов (72 кг), Санжар Досжанов (70 кг) және Болат Сақаев (79 кг) финалда басым түскен еді.