Тағайындау • 12 Сәуір, 2023

Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күнсұлу Дальтонқызы Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасының әзірлеушісі.

2022 жылғы 18 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар