«Наурыз ҰБТ-сы 10-31 наурыз аралығында өтті. Жалпы, наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 111 мыңға жуық адам қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық. Әдеттегідей, тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациялары - «Математика-Физика» (19%) және «Биология-Химия» (19%). IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған. Тестілеу штатты режимде өтті», деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Наурыз ҰБТ-сын 111 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Тұлға • Кеше
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Кеше