Аймақтар • 29 Наурыз, 2023

Ақмола тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде зардап шекті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола тұрғыны құрылыс алаңында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде зардап шекті

Фото: Polisia.kz

Көкшетау қаласының полиция басқармасына «Оң жақтағы білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақтағы иықтың жабық сынуы» диагнозымен стационарға ер адамның жеткізілгені туралы облыс орталығының медицина мекемелері қызметкерінің телефон арқылы хабарламасы келіп түсті.

Жазатайым оқиға 28 наурыз күні жұмыс орнында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғыш арасында қалып қойған. Жәбірленуші, Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды.

Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабының 2-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.