Экономика • 28 Наурыз, 2023

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі артты

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында барлық меншік нысанындағы ұйымдар Қазақстанда жаңа негізгі қорларды сатып алуға 1616,4 млрд теңге бағыттаған. Бұл негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемін 19,2%-ға өсуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сілтеме жасап.

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі артты

Республиканың 19 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың ұлғаюы тіркелді. Бұл ретте, Абай облысында инвестициялар біршама азайғаны байқалды (4,5%-ға).

Инвестициялардың негізгі үлесі Атырау облысына тиесілі (26,2%).

2023 жылдың қаңтар-ақпан аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі:

  • өнеркәсіп (53,1%);
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (39%);
  • Көлік және қоймалау (9,5%);
  • жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар (21%).