Мәдениет • 11 Наурыз, 2023

Күй аңызы: Махамбеттің күйі «Жұмыр, Қылыш» қалай туды?

1276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй тарихы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса қалай шыққаны мен мәнін аса біле бермейміз.

Күй аңызы: Махамбеттің күйі «Жұмыр, Қылыш» қалай туды?

1838 жылы Исатай өлгенннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Байбақтының Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырларымен кездесіп, жолдас болады. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі сол кезеңде шыққан. Осылай жасырын жүрген Махамбет, жанында Жұмыр мен Қылыш бар, Байбақты елінің бір ауылында төрелермен отырған Баймағанбет Айшуақовтың үстінен шығады. Міне осы жерде Махамбет пен Баймағанбет сұлтан бірінші рет кездеседі. Баймағамбет Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Ал Махамбеттің жанындағы Жұмыр, Қылыш батырлар Махамбетті арашалап, ұстатпай топтан шығарып аман әкетеді. Осы оқиғаға байланысты Махамбет жанына ерген жігіттерге разы олып, «Жұмыр, Қылыш» атты күй шығарыпты.